Алматы (орыс. Алматы́, Ресейде — Алма́-Ата́[3]; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011).[4] Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.[5]
Мазмұны ГеографиясыҚаланың аумағы — 170 шаршы километр.
Алматының ғарыштан көрінісі КлиматАлматы климаты континентік. Ен ыстық ай— Шілде –Тамыз. Ен суық ай — Қаңтар. Орташа жылдық температурасы 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен -4.7 °С, ал шілдеде +23.8 С°. Үсіктер қараша айында бастап, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар 67 күн болады — желтоқсаның 19 бастап мен ақпанның 23 аяқталады. Ыстық күндер температураның дейін 30 С° — 36 күн болады. Жылда 600-650 мм жауын-шашын болады. 15 күнде Алматыда жиі-жиі жел соғады (15 м/с). 50-70 күндер туман болады. Алматыда кеш қар болу мүмкін. Егер көрсе, осы қар: 13.05.1985, 1.05.1989, 5.05.1993 және 18.05.1998. Абсолют — 17 маусым, 1987. Алматыда қыста жаңбыр жауса мүмкін.
Менің туған қалам Қарағанды қаласы.Қарағанды қаласы Қарағанды облысының әкімшілік орталығы.Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды.Алып жатқан жерінің аумағы (577км²) жағынан республикадағы ең үлкен, халқының саны бойынша (423,7 мың адам 2003) төртінші (Алматы, Астана, Шымкенттен кейін) қаласы.1932 жылы оның халқы 70 мың болса, 1989 жылы 507,3 мың адамға жетті. Петропавл-Шу темір жол станциясы, әуе, автомобиль қатынасының маңызды торабы.
Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Сарыарқының ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналас-қан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, боранды, жазы ыстық, құрғақ, аңызық желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала шегінде күңгірт-қоңыр топырақ тараған. Қараған, тобылғы, әр түрлі шөп, сұлыбас, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н.Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір мыс қорыту зауытына тасылып тұрған. 1856-87 ж. Мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді. 1899 жылы Рязановтың мұрагері кен орнын француз концессионері Карноға сатты. 1907 жылы кен орны ағылшын концессионерлерінің қолына көшті.Мен Қарағанды қаласы жақсы көремін.