Sci6fiweapons
10.12.2022 18:24

Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. 1-мәтін

Ұлттық арнаның көрермендері – біздің достарымыз

Қазақстанның телеарналарында қазақша еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері көбейіп

келеді. Мая Веронская, Ирина Ким, Оксана Лоскутова, Оксана Питерс сынды

журналистер қазақ тілін шебер меңгеріп, көгілдір экранның сәніне айналып, елді

қуантуда. Біз солардың ізімен жүріп келе жатқан, бүгінде қазақ тілді көрермендердің

көзайымына айналған «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» ақпараттықсазды бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тенмен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Ирина, «Таңшолпан» шығармашылық ұжымына бейімделу қиынға соқпады

ма?

– «Таңшолпан» ұжымына келгенде, шынымды айтсам, көңілділер мен тапқырлар

клубына кіріп кеткендей әсер алдым. Ұжым қызметкерлері шетінен тапқыр, қазақы

қалжыңмен орағытып әкеткенде бір күніңнің қалай өтіп кеткенін сезбей де қаласың. Ал

мәселе жұмыс жағына ауысқанда, әрқайсысы өз істеріне жетік, қандай тақырыпқа салсаң

да қамшы салдырмайтын қыз-жігіттер. Бірін аға, бірін әпке тұтып, таңғы бағдарламаның

қиындығынан қызығы басым, қуанышы көп екендігіне тәнті болдым.

– Қазақ тілін жетік меңгеруіңе кімдер ықпал етті?

– Менің туған жерім – Қызылорда облысының Арал өңірі. Қазақ халқының салтдәстүрінің қаймағы бұзылмаған, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін құтты аймақта өскенімді мақтан тұтамын. Өзімді қоршаған жора-жолдас, ұстаздарымның арқасында қазақ тілін жетік меңгердім. Әйтсе де, білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз деген сөздің жаны бар екен. Білгенімнен білмегенім көп. Әріптестерім дайындаған небір

танымдық сюжеттер арқылы сөздік қорымды байытуға, білім көкжиегімді кеңейтуге мол

мүмкіндік алдым.

2-мәтін

Достығымыз әлемге әйгілі

Ел халқын шынайы отансүйгіш әрі нағыз азамат етіп қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру мен әр ұлт өкілінің бойында «мен қазақстандықпын», «мен Қазақстан Республикасынанмын» деген мақтаныш сезімді негіздеу Қазақстанның мемлекеттік

саясатының басты өзегі. Мемлекет тарапынан ұтымды жүргізілген саясат әрбір қоғам мүшесінің бойында демократиялық құндылықтар мен жалпықазақстандық идеяны орнықтырудың баяндылығына кепіл болмақ. Осыған байланысты көптеген ұлттар өкілдері топтасқан мемлекет үшін елдегі ұлттық саяси ақуалды үнемі бақылап, реттеп отыру, ұлттық шығу тегіне қарамастан барлық қоғам мүшелерінің өмірдің түрлі салаларында толыққанды дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету

ең басты мәселелердің бірі. Осындай даму жолының тиімділігіне барлық өркениетті елдердің тәжірибесі айғақ. Бұл жайтты ұлтаралық жарасым саясатын ұстанушы Қазақстан қоғамынан да көре аламыз. Өтпелі кезең жағдайында қоғамдағы ұлтаралық қарымқатынастар мәселесі бұрынғыдан да өзекті мәнге ие болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы ынтымағы жарасқан көп ұлтты халықтың теңдігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Оның негізгі тұжырымдары демократиялық үлгідегі халықаралық құқық ережелері мен ұстанымдарына сай келетінеліміздің басты Заңы – Конституцияға сәйкес ұлтаралық қарым-қатынастар саясатына қайшы келетін, қоғамда жікшілдікті, шиеленісті, араздықты туындатуға жол беруге тыйым салынған.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы

Түрі

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

Мақсаты

Мазмұны

Стилі

Тілі​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Эля6979
15.05.2020 01:43
                          Менің анам
--Сенің анаң қандай адам?
--Менің анам, мен үшін ең асыл, ардақты жан.Менің анамның жаны ерекше нәзік ,анам аса сезімтал жан.Анамның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады.
--Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
--Менің анам мектепте бастауыш сыныптарына сабақ береді.
Менің анам еңбеқкор адам.
--Сен анаңа көмектесесін бе?
--Мен анамды сыйлаймын, анама көмектесемін
--Ал сенің анаң қандай адам.?
--Менің де анам ардақты мейірімді жан.Менің анамның жүрегі уайымшыл нәзік.Анам менің қамқоршым, ақылшым, бақытым.
--Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
--Менің анам дәрігер.Менің анам қайратты жан.Мен өзімнің анамды жақсы көремін ,сыйлаймын,-
--Досым, біз ең бақытты баламыз. Біздің асыл, да ардақты аналарымыз бар.Анасы бар адамдр  ең бақытты 
0,0(0 оценок)
Ответ:
pavunoxe
21.10.2022 14:21

Балғынбек Имашев — 1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатыса бастайды. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Әдеби аударма» бөлімін, «әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Республикалық Қазақ Радиосында редактор-стилист қызметінен бастайды. 2000 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында Филология кафедрасының оқытушысы, 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2006 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті қызметтерін атқарады. 2009 жылдың тамыз айынан бері «ЭРА -7 арна» ЖШС Дубляж департаментінің редакторы. Белгілі айтыс ақыны.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота