vinogradovanactaxa
05.02.2023 17:49

ожаберген атты сөзжұмбақты шешейік


ожаберген атты сөзжұмбақты шешейік

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Anna170806
12.11.2020 19:47
Арыстан  баб  кесенесі  -  көне  Отырар  жеріндегі  сәулет  өнері  ескерткіші.  Түркістан  халқының  арасында  мұсылман  дінін  таратушы Қожа  Ахмет  Иасауидің  ұстазы  болған  Арыстан  баб  ата  қабірінің  басына  салынған.  Кесене дәлізхана,  мешіт,  құжырахана,  азан  шақыратын  мұнара  сияқты  жеке  бөлмелерден  құралған. 
Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда(хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қо йылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м.
0,0(0 оценок)
Ответ:
tinahovsepyan
29.04.2021 04:24

Жауаптары:

Жауаптары:12 - билет

3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.

20-билет

1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.

1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)

2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)

3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).

23-билет

2) Жалғаудың түрлері,мысал.

Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). 

Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.

25-билет

2) Үндестік заңының ережесі,мысал.

Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.

 Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.

Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы:

Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.

Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.

3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.

Жекеше:

І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.

ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.

Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.

ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.

Көпше:

І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.

ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.

Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.

ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота