Қазіргі уақытта бірінші мақсат – ЭКСПО-2017 дайындауға және оны өткізуге қол жеткізілді, көрме сәтті өтті. Көрмеге әлемнің 115 елі және 22 халықаралық ұйым қатысты, олар 140 экспозиция ұсынды, ЭКСПО-2017 келудің жалпы саны 33 387 634 құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 6,5 есеге артты, келушілердің саны 3 977 545 болды, бұл жоспарлық көрсеткіштен 2 есе көп.
Осылайша, Қоғам Нұр-Сұлтан қаласын, Қазақстанды және жалпы әлемдік экономиканы одан әрі дамыту мүддесінде ЭКСПО-2017 мұрасының материалдық, технологиялық және басқа да құрамдас бөліктерін барынша тиімді пайдалану мен дамытуды қамтамасыз етуге шоғырланады.
Қазіргі уақытта қызметтің бұл бағыты:
ЭКСПО-2017 объектілерін көрмеден кейінгі пайдалану тұжырымдамасының мақұлдануын;
"Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО), "Astana Hub" ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі (бұдан әрі – Astana Hub), "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ (бұдан әрі – IT-университет), "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КеАҚ (бұдан әрі – ХЖТИЖО) сияқты бірқатар бастамаларды іске асырудың басталуын;
Қоғам басқаратын объектілер мен учаскелердегі нақты жағдайды;
ЭКСПО-2017 өткізу тәжірибесінің болуын қоса алғанда, бірқатар факторлар ескеріле отырып нақтыланып, егжей-тегжейлі пысықталды.
Объяснение:
думаю правильный ответ
Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған.
« «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Македониялық Александр.» »
Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.
Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуды қалаған. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Ескендір осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Ескендір заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Ескендір жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Ариялық Александрия (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Маргиланиялық Александрия (қазіргі Байрам Али) Бақтра қаласының маңындағы Александрия, т.б.
Ескендірдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Ескендір жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Ескендірдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Ескендір жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Ескендірдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Ескендірдің абыройын артқыза түспек болған.
Дәл осындай қатені Ескендір тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған.
Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Ескендір күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал Птолемей Сырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің – сақтар, соғдылықтар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді.
Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі, «қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.