Менің отбасым. Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы. Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
Қазақ халқының көптеген ұлттық тағамдары бар. Олардың түрлері: сүт тағамдары, ет тағамдары, сорпа тағамдары, ұн тағамдары және басқа. Қазақ халқының тағамдары-өте дәмді! Дәрумендер мен ақуыздарға бай, жоғары калориялы, құнарлы, маңызы зор тағамдар. Ұлттық тағамның ішіндегі ең үлкені – нан. Ең бірінші дастарханға нан әкелінуі қажет. Нан – ерекше жұғымды тамақ. Адамның наны болса, оған ешқандай аштық қаупі төнбейді. Күш-қуатты қалпына келтіру жағдайда, құнарлылығы басқа тағамдардан басым түседі. Адам тіршілік әрекетінде қуаттың жартысынан көбі наннан алады. Нан – тіршілік нәрі. Нан барлық тағамнан, құраннан да үлкен. Нан биікте тұрса, аяқ астына құранды қойып, нанды алуға болады. Нан құраннан да үлкен екен.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку