Girfans
29.01.2022 18:28

Берілген мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер. 1. Аймақтағы радиобайланыс сапалы болу үшін елді мекендер-дегі электр желілерін заманауи талапқа сай орнату керек.
2. WEB бағдарламаларын тереңірек меңгерейін деген студенттер, өздері-ақ қосымша арнайы курстарға барып оқиды.
3. Компьютерлік ойын-дарды дұрыс құрастыру үшін, əрбір ситуацияға ақпараттық талдау жасаудың маңызы зор.
4. Ойындағы конфликтіні дəл сипаттау үшін, оған кімдер, қанша нысан, ойынға қатысу ережесі, ойынның мақсаты мен нəтижесі қандай болатындығы анықталады.
5. Компьютердің бағдарламаларын жетік меңгерейін жəне болашақта жоғары ақылы маман болайын деген талапкерлер, қазіргі кезде компьютерлік жəне математикалық модельдеу мамандығын таңдайды.
6. Ұсынылған идеялардың тиімділігін тексеру үшін жаңа конструкторлық жұмыстарды жəне техникалық шешімдерді өндірістерде экспери-менттен өткізу керек.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kuprums
04.05.2021 23:53

30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан  қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kapitan2001
10.08.2022 15:25

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы.

Соңғы кездері латын әліпбиіне көшу туралы мәселе жиі қозғалып, Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын. Кейбір тіл мамандары латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айта келіп, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады деген ойын білдіреді.

Жалпы латын қарпіне көшудің артықшылықтарына тоқтала кетсек, біріншіден, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.

Жалпы алғанда жастар Елбасының бұл бастамасын қолдап, латын әліпбиіне көшуге оң көзқараспен қарайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота