Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1] Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле,қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.
Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұраубелгілерімен дараланып тұрады.
Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.
Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиеттекездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл).Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! (С. М.)[2]
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку