Ескерткішкерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, ескі мұраларды сақтап, жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық және рухани жәдігерлерді танытуда, зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда маңызды рөл атқарады. Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жәдігерлерді жинау, есепке алу, сақтау,қайта қалпына келтіру, зерттеу нәтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады. Қазақстанда Мемлекеттік мұражайы, Ә. Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы, Президенттік мәдени орталық, Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы, Ұлттық валюта мұражайы, Кітап мұражайы, Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы, «Әуезов үйі» ғылыми орталық мұражайы және тағы басқа мұражалайлар жұмыс атқарады.
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр.Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку