Қу түлкі Хитрая лиса Баяғы заманда қасқыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте жайылыпты. Басшылары ретінде жолбарысты сайлапты. Бір күні қасқыр мен түлкі қалай жесек деп сылтау іздей бастады. Түлкі көп ойланбастан жолбарысқа келіп былай депті: - О, патшам! Біздің азығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинауға мүмкіндік болмады. Сондықтан біздің біреуімізді жеуіңізді өтінеміз! Жомарт түйе шыдамай, өзін жеуді ұсынды. Қасқыр мен түлкі бірінші болып бас салды. Сосын оларға жолбарыс та қосылды.Сөйтіп, түлкінің арамдығы арқасында түйе үшеуіне жем болды.
Білім керек бәріне Бүгінгі таңда білімді болу өте маңызды. Оқымаған, білімсіз адам болсаң, сені ешқайда жұмысқа алмайды. Білім адам қабілеттілігін шыңдап, өсіруге қажет. Балалар жастайынан білім алып, ертеңгі күні үлкен маман болуға тырысу қажет. Егер де, адам білімсіз болса, ақша табу қиынға түседі. Содан соң, өмір сүру де біршама қиындайды. Сол себептен, білімді болу және оны әрқашан шыңдап отыру өте маңызды. Мен барлықтарыңызды білімді болуға шақырамын. Қазақстанымыздың ертеңі жарқын болу үшун, білімді мамандар қажет деп ойлаймын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку