Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін. Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек. Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы, Ауыл алды, аунаған шөптің қасы. Сағынғанда тым ыстық көрінеді, Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Қазақша шығарма: Күз Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... : Алтын күз Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала Толық нұсқасы Алтын күз Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку