Мәтіннен мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, тауып жазыңдар. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Жай сөйлемде арасындағы мағыналық қатынасты сұрақ қою арқылы анықтаңдар.
1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани-геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. 2. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай). 3. Алюминий біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанына көз жеткізу үшін айналаға зер салып қарап шығу жеткілікті. Мүмкін, сіз бұл мәтінді алюминийден жасалған құрылғыдан оқып отырған боларсыз. Планшеттер мен жалпақ панельді теледидарлар, спорттық жабдықтар мен жиһаздар, айналар мен кофеқайнатқыштар - осы және басқа да көптеген тауарлар алюминийден жасалған. Смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, жалпақ панельді теледидарлар, мониторлар және басқа да жабдық өндірушілер алюминийді көбірек қолданады. Әдемілік пен қолайлылық бұл салада алюминийдің танымал болуының кепілі болып табылады. Алюминий корпусты құрылғылар сәнді әрі сенімді көрінеді, сонымен қатар жеңіл әрі берік болады. Алюминий сонымен қатар жиһаз және интерьер заттарын өндіруде жиі қолданылады. Үстелдер, орындықтар, перделер, суретке арналған жақтаулар, шамдар, декоративті қабырға панельдері, кондиционерлер мен радиаторлардың барлығы алюминийден жасалған. Ал ас үйді алюминийсіз елестету мүмкін емес. Біз тек тұрмыстық техниканың корпустары туралы ғана емес, сонымен қатар заманауи, технологиялық, қауіпсіз және әдемі ыдыс-аяқтар - кәстрөлдер мен пісіруге арналған ыдыстар, ет тартқыштар жайлы айтып тұрмыз.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстіртіарқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік жәнеОрталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу,Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесінеҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку