Жүректің сыртқы құрылысы:
1 – қолқа доғасы; 2 – өкпе артериясы; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – қантамырлары; 5 – сол жақ қарынша; 6 – оң жақ қарынша; 7 – төменгі қуысты вена тамыры; 8 – оң жақ жүрекше; 9 – жоғары қуысты вена тамыры; бағдарша (стрелка) қанның ағу бағытын көрсетеді
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард (грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.
Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулықақпақшалар орналасқан.
5 тап.
Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.Жақанов — Қожаның сыныптасы.А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.