alsuu00
19.01.2021 13:11

Озаглавьте текст «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы.
Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары ке-
зiнде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған
теңгелер мен ділдаларды тапқан. Алматы қаласының маңындағы Талғар
қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры
мен жапонның фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар табылған.
«Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұл-
парларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды,
киім-кешекті және т. б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол
арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Yorfound
24.04.2023 21:34
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

0,0(0 оценок)
Ответ:
shamahuligam007
25.08.2020 07:42

1- Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан қалалары болған.

2.-Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін,қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса,отырықшылар мал өнімдерін кейбір қолөнер заттарын қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды.Мұндай сауда,айырбас қатынастары,әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық,аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды

3.- көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман,жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота