Кім боламын? Балалық шақты артқа тастаған әрбір адамның алдынан шығатын сұрақ? Ия, сол сұрақ бүгін менiн алдымда тұр. Мамандықтың бәрi жақсы-ау. Бірақ, соның нағыз маманы болу қиын. Біздің ата-анамыздың заманында сыйлы болған мамандықтар дәрігерлік, мұғалімдік, әр түрлі саланың инженерлері. Бүгінгі таңда таңдаған мамандығын оқығанмен, өмірде өз орнын таба алмай жүргенде жүрегін ауырады. Мен бәрiбiр дәрiгер болғым келеді. Қазіргі халық дәрігерлерді қадірлемейді. Сонда да болса, ез арманымның орындалуына бар кушiмдi саламын. Ma, мен дәрігер боламын. Бәріңе денсаулық тілеймін.
Объяснение:
Мамандық - Қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуi бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдык қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.