rekomc
14.03.2022 22:23

  БАҒДАРШАМ

Жазғы демалыста атасы Қамбарды қалаға ертіп кетті. Қаланың орталығында ағасы тұрады. «Қамбар, менімен жүре ғой. Әрі қаланы көресің, әрі біраз бойыңды сергітерсің», деді.
– Ата, ағамның қалада тұрғаны қандай жақсы. Қаланы көргім-ақ келеді, шынын айтсам, – деп Қамбар атасының жанынан бір елі шыққан жоқ.
– Қалада жүргенде абай бол. Менің қолымнан ұстап жүр қашан да. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.
Мінеки, қала іші. Ауылдағыдай емес, мұнда адам да, көлік те көп екен. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес. Бір кезде жол қиылысында жанып тұрған қызыл табақша сөнді де, сары табақша жанды. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.
– Ата, анау жанып тұрған не? – деп сұрады Қамбар.
–Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.
– Е, е, әліппемізде суреті бар еді.
Бейтаныс жігіт сөзге жомарт, ақ көңіл екен. Әлгінде ғана үн қатқан-ды, және сөйлей жөнелді:
– Бұл бағдаршамның айтар әңгімесі бар. Мәселен, ол «қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы», – деп үн қатады.
– Мұны ұғып ал, – деді жол шетіне дейін атасына көмектескен күйде.
Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды. Бағдаршам ешбір жаңылыспай қызыл, сары, жасыл түсті табақшаларын рет-ретімен жандырып, сөндіреді. Бірақ үн жоқ. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі. «Қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы».
Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді. (273 сөз)
 

3-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
1.Қалада кіммен  кездесті?
2.Бейтаныс   жігіт  қандай көмек көрсетті?
3.Бейтаныс жігіт қандай?
4.Ауыл мен қаланың айырмашығы бар ма?
5.Қамбар неге таң болды?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kolya1pokachalov
13.05.2022 15:17
Алдаркөсе бірі - Қазақ ертегілер сақалсыз өтірікші
Алдаркөсе - батыр Қазақ халық ертегілерін және анекдот. Ұлы Қу кедей шаруа, кедей, ақылы мен байларға, қомағай көмегімен қорғайды және тапқыр және жағдай тіпті жалқауларды зердесіздерді Шайтан ның алдап Алдаркөсе және жазаға тартады.Бай және кедей болды, оның тарапынан алдау Алдана үнемі шыдады қыспақты баев Алдаркөсе ұлы көрінеді. АЛДАР ұлы дүниеге келген кезде, ол өзінде деп атады.
Осы кезде оған мүлде Алдар екенін айтып, сақал өседі екен болды. Сондықтан оны және дегенді білдіреді деп шалғыға "сақалсыз". Алдаркөсе душар болып еді, деді сәл таңданған Катерина Ивановна қайырымды кедейлер мен ер жүрекпен. Ол үнемі дау сызықтармен түсуге өзі мұрын айналасына қорықпай бай баев алдап өтті. Қатал жазалады, сараңдар мисыздар мен Жауыздар-ай атындағы
0,0(0 оценок)
Ответ:
анастасия1548
21.05.2022 15:36
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, каратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол-геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота