
Туған жердің ауасы да шипа...
Әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.
«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.
Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...
Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.
Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.
Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген.
«Отыз бір – он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», -
Дейді де, еңірейді, егіледі
Қайғының күндіз-түні күйін тартып. –
Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр.
Жөнелді абақтығы соры қайнап.
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ
Білмеді не боларын сырттағы ел
Қамалғандарды тірідей тартты азап.
Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек.
Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі:
... Аттандық ұлығының қонысына
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.
Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ.
Объяснение: