Любимая0105
28.06.2021 13:20

Достық – адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама - қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс - бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан - тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Мәтін стилін анықтаңыз.
A) Көркем әдебиет стилі
B) Ресми стиль
C) Публицистикалық стиль
D) Ауызекі сөйлеу стилі
E) Ғылыми стиль

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Сонька10Монька
10.12.2020 21:32

Жасуша заттарының арасында бірінші орында су тұр. Бұл жасуша массасының шамамен 80% құрайды. Су тірі организмдер үшін екі есе маңызды, өйткені ол тек жасушалардың құрамдас бөлігі ретінде ғана емес, көпшілік үшін және тіршілік ету ортасы ретінде қажет.

1. Су жасушаның физикалық қасиеттерін - оның көлемін, икемділігін анықтайды.

2. Көптеген химиялық процестер тек су ерітіндісінде жүреді.

3. Су жақсы еріткіш: көптеген заттар жасушаға сыртқы ортадан сулы ерітіндіде енеді, ал сулы ерітіндіде қалдық заттар клеткадан шығарылады.

4. Судың жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі жоғары.

5. Судың ерекше қасиеті бар: оны +4-тен 0 градусқа дейін салқындатқан кезде ол кеңейеді. Сондықтан мұз сұйық судан жеңіл болып шығады және оның бетінде қалады. Бұл сулы ортадағы ағзалар үшін өте маңызды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
albinka2017
10.12.2020 21:32

1)Себебі олар биік,әдемі және қайталанбас ғимараттар болып саналады.

2)Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

4)Гиза некрополі — Ежелгі Мысырдің ең ірі қорымы, Араб республикасының Гиза қаласының маңында орналасқан (қазір - Каир қаласының аумағы) 1979 жылы Гиза некрополі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдеріне енген. Туристік өнеркәсібінің ең маңызды жерлерінің бірі болып саналады.

Гиза некрополі - ертеден келе жатқан Мысыр мәдениеті ескерткіштерінің кешені. Кешенге:

Үш үлкен Гиза пирамидалары:

Хеопс пирамидасы,

Хефрен пирамидасы

Микерин пирамидасы,

Хеопс пирамидасы — дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі . Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3 - мыңжылдықтың 1 - жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған.

Объеснение:Мен 3) таба алмадым.Кешіріңіздер)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота