осы аптада бурабай ұлттық саябағында өткен «жер – біздің ортақ үйіміз» хіі республикалық экологиялық байқау-пленэрінің жеңімпаздары анықталды. дәстүрге айналған бұл байқау елімізде «шеврон» компаниясының қолдауымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді. соңғы бес жыл бойына жоба операторы қазақстан ұлттық юнеско клубтары федерациясы.
үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры еркін зікібаевтың айтуынша: «әлемнің алдыңғы қатарлы энергетикалық компанияларының бірі саналатын «шеврон» біз жұмыс істейтін сол елдердің жергілікті халықтың әлеуетін ға ерекше көңіл бөледі. «жер – біздің ортақ үйіміз» байқау-пленэрі ға өз шеберліктерін ға және біздің еліміздің әр түкпірінен келген мен жасөспірімдерге өзі теңдестерімен араласуға мүмкіндік береді. бұл жобадағы біздің мақсатымыз – жас дарындыларға жол көрсету, ал таңдауды олар өздері жасамақ. ең маңыздысы, олар жан-тәнімен суретші болып қалғаны».
жобаға 12-16 жас аралығындағы мамандандырылған көркемөнер мектептерінің дарынды мен тәрбиеленушілері қатысты. байқау еліміздің 14 облысын, сонымен қатар алматы мен астана қалаларын қамтыды. үміткерлер арасынан аймақтық турдың нәтижелері бойынша 50 жеңімпаз таңдап алынды. олар бір аптада өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіруімен қатар бурабайда ұмытылмас күндерін өткізді.
биылғы жылғы байқау «қазақстанның аңызға айналған табиғаты» тақырыбын қамтыды. бағдарлама көптеген шеберлік-сыныптар мен пленэрлерден құралды. атап айтсақ, декоративті панно бойынша шеберлік-сынып, жапырақтардан абстракция, тастағы миниатюра, бөлектау тауының үстіртіндегі, абылай ханның ең көркем ордасы мен шортанды тылсым көлінінің орнындағы пленэрлер. бағдарлама шеңберінде бурабай ұлттық саябағының көз тартарлық жерлеріне саяхат жасау да болды. бұл жылғы байқаудың ерекше өзгешелігі жас суретшілерді бейнелеу мен қатар фото өнеріне де оқыту болды. осы жылы жобаны қазақстан республикасы тұңғыш президенті – ұлт көшбасы қоры, астана қаласының әкімдігі, бурабай ауданының әкімдігі, «бурабай» ұлттық саябағы, суретшілер одағы, қазақстандық лапландия қолдады. байқауда қазылар алқасының төрағасы – қр тұңғыш президенті – ұлт көшбасы қорының атқарушы директоры сағындық нұрақанов болды. жыл сайынғы байқау-пленэрдің мақсаты – экологиялық мәселелермен таныстыру. ұйымдастырушылар ға жалпы және экологиялық мәдениет, отансүйгіштік және еліміздің қоршаған ортасын, табиғи және мәдени байлығын, сонымен қатар жер планетасының жалпы экожүйесін қорғау үшін азаматтық жауапкершілікке дағдыландыруға тырысады.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Қазақ КСР-і, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Теміртаудағы металлургиялық комбинат құрылысына бүкіл одақтан комсомолдарды жинап жатқанын естіп, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буды. 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 км жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Турасын айтқанда Назарбаев кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға еді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін. Назарбаев естеліктерінде менмен амбициясының болмағанын, басқарушы лауазымдарға құмар болмағанын айтады, бірақ жас күнінен әрқашан да бірінші болу керек деген дағды қалыптасқан. Осы кезеңде ол басшы ретінде цех басшылары мен министрлерге дейін қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады.