SashaKromberg
25.07.2021 20:48

Тыстырып, диалог к, ұрындар. Бірыңғай мүшелер мен интонациялық кіді- 12
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүшелерді қа-
ріс туралы түсінігінді сыныптасыңа айт.
табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
табиғатты қорғау
дүниежүзілік мәселе
тиімді пайдалану
қондырғылар орнату
ластанған ауа​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.

 «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

 Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.

 Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.

Тіл а ң басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.

P.S. Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.

«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!
Міне :)☆
0,0(0 оценок)
Ответ:
Maaaarrr
28.04.2020 16:22

Объяснение:

іріншіден, инспекторлық құрамды тез жүргіш мықты техникалармен қамтамасыз ету. Екіншіден, киіктер ареалына әрдайым мониторинг жүргізу үшін пилотсыз ұшқыш аппаратын сатып алу және пайдалану. Үшіншіден, киіктерді қорғауға жұмылдырылған қызметтерге 1 рация толқынын орнату, қорғау жұмыстары үшін 5-6 күнге әуе техникасын жұмылдыру. Бесіншіден, аңшылық ісін пайдаланушылардан жылжымалы қорықшы топтарын құрып, аңшылық шаруашылық аумағында киіктер мекендеген мерзімде оларды қорғау жұмысын күшейту, броконьерлік факті анықталған жағдайда аңшылық шарауашылығын жүргізуге жауапты тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту, Алтыншыдан, броконьерлік фактілерді анықтауға көмек көрсеткен жағдайда жергілікті халықты материлдық ынталандыру. Жетіншіден, киіктер және Қызыл кітапқа енген жануарлар түрлері бойынша броконьерлік фактілерді анықтағаны үшін мемлекеттік инспекторларға сыйақы беру желісін қарастыру жөнінде ұсыныс ортаға салынды. Киіктерді сақтауға мемлекетіміз бен Үкіметіміз қазір ерекше мән беріп отыр. Соның белгісі — соңғы 1 жылдың өзінде ұшақпен есептегенде киіктердің санының 1976 басқа жетуі. Бұл — былтырғы жылмен салыстырғанда киіктер саны 3,5 есеге артқанын көрсетеді. Мұны кеңесте сөйлеген қай азамат та болмасын атап көрсетті. Киікке деген қамқорлықтың бір көрінісі — ежелгі Торғай өлкесінде, яғни Аманкелді, Жанкелдин аудандарының көлемінде «Алтын дала» табиғи резерватының ашылуы. Қасиетті аңның сақталуына бұл резерват қызметкерлері аз үлес қосып келе жатқан жоқ. Кеңесте сөз сөйлеген азаматтар киікті келешек ұрпаққа аман-есен жеткізуге байланысты ойларымен бөлісті. Негізінен алғанда Қостанай облысы бойынша киіктер Торғай аймағында, оның ішінде ұлы Жыланшық және Тосын құмында төлдейді. Бұл екі өңір — бір-бірінен онша алыс емес. Оларды қорғау мен бақылауға қолайлы. Тек жіті назарда ұстап отыру керек. Киіктерді қорғау мен сақтауға жергілікті халық та, сондай-ақ тиісті мамандар мен ауылдық округ әкімдері де қолдан келген қамқорлықты жасағандары абзал. Себебі, резерват қызметкерлері мен аңшылар қоғамының мүшелері байтақ даланы тез арада түгел қарап, тексере алмайды. Ал жергілікті халық болса, өз өңірлеріндегі болып жатқан жәйттарды жақсы біледі. Сондықтан да, халық болып жұмылып, киікті қырғынға ұшырататындарды тәртіпке шақыруға батыл кіріссе, оң нәтиже сөзсіз болады. Қалай болғанда да киікке деген көзқарас өзгерді. Сең қозғалды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота