Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адамболу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады.Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Пайымдау (немесе Логикалық пайымдау, ағылш. Logical reasoning) — логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білім шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтастыруға, білімдерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Пайымдау индивидтің, әсіресе, утилитарлық міндеттерді орындауға үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді. Пайымның шектеулілігі оның икемсіздігі мен кесімдігі оның талдап отырған мазмұнынан шыға алмайтындығы болып табыkады. Пайымдау — ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой тұжырымдаудың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы. Пайымдау — ойлаудың алғашқы сатысынан оның тұжырымына өту жолы. Бірақ пайымдау туралы түсініктер бірден жүйеленбейді, бірін-бірі толықтыра да бермейді. Философия тарихында пайымдауды ғылыми танымға қабілеттілік (Кант), анықтамаларды шектейтін білімнің калыптасу кезеңі (Гегель) дейтін түсініктер бар. Пайымдау — құбылыстың себебі мен байланысын анықтайтын ақыл-ойдың құрамдас бөлігі, тіл табысудың алғашқы деңгейі. Пайымдау тәсілін сипаттау, жинақтау және дәлелдеу — логиканың негізгі міндеттерінің бірі.[1]