Халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі-ән өнері, әншілік дәстүр. Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»- деген өлең жолдары қазақ өнерінің бар болмысын айқын көрсетеді. Қазақтың аса бай ән өнерін дамытуға Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Әсет, Естай, Дәнеш, Мәдениет, Жәнібек әнші- сазгерлері өлшеусіз үлес қосты. Тамаша дәстүрлі ән өнерінің шоқтығын биіктетіп дамытушы, өнерпаз, әнші-сазгерлердің орны ерекше.
«Өнерлі елдің оты сөнбес», «Ел іші-өнер кеніші»-деген дана халқымыз. Халық мәнерінде ән айтудың майталманы, терең толғаныстың әншісі, халқымыздың маңдайына біткен әнші-сазгері Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Мұқағали Мақатаев» атындағы сыйлықтың иегері, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің жанынан ашылған Ж. Елебеков атындағы домбырамен ән айту сыныбының ұстазы, көптеген әннің авторы — Тұрсынғазы Рахимов.
1951 жылы 10 қазанда Аякөздің Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Әкесі-Төлеубай, анасы- Гүлсім Аякөз ауданының Тарбағатай кеншарында ұзақ жылдар жұмыс атқарған. Ата-анасы өнерді қатты қадір тұтқан, соның әсері болар жас кезінен өнер жолына түскен
Судың әрбір тірі ағза үшін маңызды материал екендігін бесіктегі бала да біледі. Ертегілер мен аңыз әңгімелерде судың тіршілік көзі екендігі жиі айтылып, оның пайдалы тұстарына көп мән беріледі. Адам сусыз өмір сүре алмайды, ал суды шамадан аз қолдану көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Қазақстан Республикасы минералды ресурстар Академиясың корреспондент мүшесі, табиғи суларды зерттеуші әрі әзірлеуші, қазақстандық Asia Waters холдингінің ғылым жөніндегі директоры Евгений Александрович Пятов су туралы барлық шындықтың бетін ашты. Ол су туралы жиі қолданылатын анықтамаларға түсінік беріп, ағзаға қандай судардың тек пайда әкелетінін айтып берді.
Объяснение:
Қар суының пайдалы екендігі бұрыннан айтылып келеді. Бәрінен бұрын, оны бірден қолданған дұрыс. Яғни, қар суын еріткен бойда ішіп қойған жөн. Қар суы зат алмасуды реттеп, бүйрек қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді; қан айналымды жақсартып, холестерин деңгейін төмендетеді; қан қысымын рейттей отырып, теріні, ұйқыны жақсартады және мидың белсенділігін арттырады. Алайда, дер кезінде ішіп қоймасаңыз, қар суы бұл қасиеттерін тез жойып жіберетінін ескеріңіз.
Қар суын үйде тоңазытқыштың көмегімен даярлауға болады.