Бос2017
07.09.2021 15:45

Оқылым мəтінінен адамға қатысты зат есімдерді тауып жіктеңдер


Оқылым мəтінінен адамға қатысты зат есімдерді тауып жіктеңдер

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
двоишник54
25.04.2020 14:49

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалт- қысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ізгі қасиеті. Достық өзара жауап- кер шілік пен қамқорлықтың, рухани жақын- дықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Досы көпті дау алмайды» деген мақал-мәтелдер жиі айтылады. Бұл мақалдар достықтың адалдығын, тектілігін танытады. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу қиын, ал оны сақтай білу одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады. Осы орайда, достық төңірегінде мына бір тәмсіл ойға оралады. Бірде әкесі баласына қаратып:- Балам қанша досың бар деп сауал қойыпты. Сонда ештеңенің байыбына бара бермейтін бала көңілмен ұлы «Жолдас балаларымның барлығымен тату-тәтті доспын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
roma1234563
04.01.2022 08:54

(Диалогты қазақшаға аудару).

- Сәлем,Роман!

- Қайырлы таң,Артём!

- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?

- Жоқ, ал онда не болды?

- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.

- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?

- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?

- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.

- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?

- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?

- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.

- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.

- Кездескенше!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота