galina85321
11.11.2022 07:37

Көркін суреттеу 14. Одағайды көрсет
А) Өзімдікі болса игі еді.
В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
C) Балам, ойымды таба алмадың. Д) Мынау не деп тұр? Е) қой деймін, бала.
15.Сөйлемдерден омоним сөздерді тап
А) Аш жүру – денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?
В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.
C) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.
Д) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.
E) Қаладағы тіршілік қызық екен.
16. Антоним сөзі бар мақал-мәтел
А) Ақылың аз, ашуың көп болса — қор боласың. В) Татулық - табылмас
бақыт.
C) Адал достық алтыннан да қымбат. Д) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас
жарады.
E) Ашуың келсе, қолың тарт.
17. Қате жазылған сөз
А) Айдана
B) Өнерпаз
C) Даурен
Д) Кітап
E) Бөдене
18. Дауысты дыбыстардың жасалуы
А) Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуына.
В) Езудің кейін қарай ашылуынан.
C) Тілдің ілгері қарай созылуынан.
Д) Жақтың тар ашылуынан.
E) Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан.
19. «Еңбекшілер» деген сөздің қай буынына екпін түсіп тұр
A) еңбек
В) ші
С) бек
Д) лер
20. Тасымалдауға болмайтын сөз
А) туған
В) етіс
С) жаздық
Д) қағаз
E) тұйық
21. Бөлек жазылатын сөз
A) ешқайда
В) әлдекім
С) әруақытта
Д) әркім
E) кейбір
22. Айтылуда өзгеріске түсетін сөз
А) ақ ешкі
В) терең ой
C) дыбыс
Д) бақ қону
E) синоним
23. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал
A) Орынбай біліммен озады.
В) Тоқсан жасқа толды.
C) Білім басы – бейнет, соңы – зейнет.
Д) Ат екі күн иесін күтті.
E) Жолдың екі жағы – биік.
24. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есім
А) «балдырған» алы
В) балдырған журналы
C) Менің атым Қожа хикаяты Д) «абай жолы» романы E) «Абай жолы»
романы
25. Термин сөздер
А) Отарба, ұрын бару
В) диалект, садақ
C) эвфемизм, дисфемизм
Д) адырна, найза
E) сауыт,
айбалта
E) ең​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
oilga03
30.04.2022 12:37

Ғаламтор туралы диалог құрастыру.

Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?

Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.

Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dariyakazakova1
15.06.2021 14:15

Кітапхана туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота