Бүкіл дүние жүзін қамтыған жаhандану дəуірінің дамуына елеулі ықпал етіп отрыған қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру үдерісі қарқынды түрде іске асырылуда. Осы орасан зор əлемдік құбылыс біздің еліміздің дамуы бағытына айтарлықтай əсер етуде. XXI ғасырдың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп аталуы адамзат өркениетінің дамуының келесі сатысына енгендігін білдіреді. Дүниежүзілік көлемде өтіп жатқан техникалық прогрестің кезекті даму тармағына сай болу экономикалық дамудың жаңа жағдаятына бейімделуді көздейтін кез келген елдің басты мақсатына айналмақ. Демек, осы ұлы көштен өз орынын табу біздің еліміздің де басты мүдделерінің бірі болмақ. Осындай ауқымды да маңызды қызметті іске асырудың жолдарын анықтайтын құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың міндеттері болып табылады. Жаhандану дəуірінің талаптарына сай даму саясатын жүргізе отырып, ұлттық мүддемізге лайықты сара жол табуымыз қажет. Заманауи озық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы қоғам салаларын ойдағыдай дамытудың бірден-бір кепілі — оларды жетік меңгерген мамандардың болуы. Бұндай мемелекеттік маңызы бар мəселені шешу қоғамдық институттың бірі болып саналатын кəсіби білім беру саласына жүктеліп отыр
Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.
Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады. Лучший отвеь берш қиын болмаса