EeeeeeeROOOCK
04.02.2023 07:49

Сөйлемдерді шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемге ай налдырып жаз .​


Сөйлемдерді шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемге ай налдырып жаз .​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
noname1372321
27.11.2022 07:48
Бабаларымыз «Ошақтың бұты – үшеу, жағар оты – біреу» деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырды.

Бұл орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазақстан Президенті жуықта қасиетті Ұлытауда сан қатпарлы тарихымыздың түптамырын толғаған мағыналы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтты.

Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған ұланғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, ұлылы-кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқыны» атты кітабында «Қазақ хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды», – дейді.

Расында, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.

Осы орайда асқақ Астанада сәулетті ескерткіші бой түзеп, асыл әруағына Керей-Жәнібек көшесі беріліп, ұлықталған әзиз хандарымыздың Шу өзені бойындағы Қозыбасыда Қазақ хандығының дербес шаңырағын көтергеніне, ел байрағын жербіреткеніне келесі жылы 550 жыл толып отыр.

Өкінішке қарай, соңғы кезде кейбір көршілеріміз қасақана немесе хабарсыздықтан біздің Мемлекеттілігіміздің бай тарихын жоққа шығарып отыр. Бұл – біздің Ұлттық тәуелсіздігімізге күмән келтіру әрекетіне тең деп санаймыз.Осыған жол бермеу үшін, біз, таласып-дауласпай мемлекетіміздің терең тамырын бүкіл әлемге ашық көрсетуіміз керек.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ya042302SashaA
27.11.2022 07:48
Қазақ хандығы 550-жыл: Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік. Мұхтар Әуезов Батыр болмақ - ойдан-ды. Махамбет Өтемісұлы Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса. Махамбет Өтемісұлы Жауда қалса жолдасы - мақтанады несіне ер?! Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға. Хас үлектен туған кәтепті, Қара нар керек біздің бұл іске. Махамбет Өтемісұлы Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы! Махамбет Өтемісұлы Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп, Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?! Махамбет Өтемісұлы Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама. Махамбет Өтемісұлы Халық үшін қан төгем деп, Қараны ханға теңеп берем деп. Ол мақсатқа жете алмай, Дегенімді ете алмай, Қор болдық-ау, шырақ-ай! Махамбет Өтемісұлы Инабат - ер азығы, инабатты ер - ел қазағы.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота