GoYana0000
15.03.2020 18:21

Подписка-задание. соединять слова и словосочетания, составлять предложения. прогноз специалистов, спрос на специалистов, дефицит, IT-техно-лог, программисты, преподаватель, религиовед. Осы шақ Келер шақ Өткен шақ

Жазылу-тапсырма. сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, сөйлемдер құрыңыз. мамандардың болжамы, мамандарға сұраныс, тапшылық, IT-технологиялар, бағдарламашылар, оқытушы, дінтанушы.

Осы шақ Өткен шақ Келер шақ

окончания и т.д ._.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kamikot
15.03.2022 12:45
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде,күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршаменқарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
venqa228
20.04.2021 02:59

Сәлемдесу дегеніміз - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір  күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді.

Сонымен, қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.

«Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек.

Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.                           

Кімнің бірінші болып амандасуы керек? Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады.

Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс.

Қонаққа бара қалсаңыз, ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң, қожайынмен, тек содан кейін барып қана отырғандармен амандасыңыз. Қонақтармен жынысына, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретпен амандасуға болады.

Кіммен, қай жерде амандасу керек?  Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқыныңыз абзал.

Егер сіз ол адамдарды көшеде келе жатып, үйдің терезесінен немесе автокөліктен көріп қалсаңыз (терезеге немесе көлікке әдейі қарау  мәдениетке жатпайды) да сәлемдесуіңіз қажет.

Қоғамдық орындарға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқан таныс адаммен үнсіз амандасыңыз. Егер көп адамдар отырған үстелге жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек, үстеліңіздегі ең жақын көршіңізбен қол алысып амандасуға болады.

Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруі тиіс, бірақ екінші адамның қолын ауыртатындай қатты қысып, ұзақ жібермей ұстап және тым болбыр амандасу орынсыз екенін есте ұстаңыз.

«Сәлем –сөздің анасы», « Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота