Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемСұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуыСұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі; сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі."Еңбекқор Қияс"
Прозашы әрі балалар әдебиетінің белді өкілі Тынымбай Нұрмағамбеттің қаламынан талай шығармалар жарық көрді.“Он төрт жасар жігіт” әңгімесінде Саян арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жігерлі де қайсарлы балалардың мінез ерекшелігіне ерекше көңіл бөледі.Саянның соғысқа барам деп сұрануы,әкесі майданға кеткен соң,ауру ана,іні-қарындасқа қамқор,бір отбасының арқа сүйері болған, ерте есейген ұрпақ өкілінің типтік бейнесі.Саянмен қатар Қияс атты баланың да әңгімеде алар орны зор.
Қиястың әкесі майданға кеткен.Анасы болса сыртқаттанып жатыр.Осыны ойлап бала уайымдайды.Алайда,бір күрсініп қояды да,анасына арқау болып,еңбекқорлығын көрсетеді.