Dinkaakissa20
24.01.2023 16:13

Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Нан

(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

1-мәтін 2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Етістіктің шақ түрлеріне мысал тауып жазып, шақ түрлерін ажырату

2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «Тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап эссе жазыңыз. ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
micser2017
22.03.2020 07:34

Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмән ойымен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала –Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Халқымыз Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Астана дамып, көркейе түсті.Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады. Гүлденген Астанамыз түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.Ару Астанамыздың көрсе көз тартар –көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.Ару Астанамызда орналсқан әсем ғимараттың бірі – Пирамидаға тоқталсақ оның ішінде былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем, онымен қоса бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара - Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ жері көп екенін бәрімізге аян. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналды. Астана өзге елдермен терезесі тең келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды.Астана бүгін де ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жетікізген жетістігің молайып, жайнай берсін.

Асқақтай бер Ару қала-Астана, Еліміз мәңгі жасасын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Djamkaa0325
22.03.2020 07:34
Астана – біздің халқымыздың бәрін біріктірген отанымыздың жүрегі және ұлтты Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала.  Астана біздің Отанымыздың Тәуелсіздігін растайды және президентіміздің Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Халықтардың достығы, бір-бірін түсінуі, ынтымақтастығы – Астананың және жаңаҚазақстанның негізін құрайды!»Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі -Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота