1-тапсырма
Ұлы жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1878 жылы пайда болған (дұрыс +)
Ұлы жібек жолы Қазақстан жерімен де өткен (дұрыс +)
2-тапсырма
Мәтін тақырыбы : Ұлы жібек құпиясы
Идеясы : Мәтінде Ұлы жібек жолы туралы білмеген шынайы әрі қызықты ақпараттар толып тұр
3-тапсырма
Жазғы Олимпиада ойындары
Біз жазда ауыл болып Олимпиадаға қатыстық. Ол жерде түрлі сайыстар болды. Мен асық ату жарысына үміткер болдым , жәнеде 1-інші орын иелендім. Ағам және Әкем Арқан тартыс сайысынан бақ сынап жүлделі оралды. Біз отбасымызбен көңілді болып қайттық , ал келгесін Ікем бізге жарыстағы қызықты оқиғаны айтып берді
Объяснение:
Барлығы түсінікті деп ойлаймын
Ана... Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш - ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып - қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.
Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең - жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», - деген сөз рас. Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге тырыссақ та, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін жасаған жақсылығын, қарызын өтей алмай ма, 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады? Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3 - 4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы...»,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз