
Арықпенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.
Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма.
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ерітеді.
Астана – бас қала
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.