
Объяснение:
Мектеп… Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да ыстық. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 11 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз.
Объяснение:
Компьютердің адам ағзасына зияны Компьютерлердің адам ағзасына кері әсері: құрылғыдан шығарылған сәуле денсаулыққа зиянды; шамадан тыс қолдану, адамның көру қабілетінің бұзылуына әкеліп соғады (катаракта басталуы мүмкін); ұйқысыздық және бас ауыруы пайда болады; егер адам компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса, онда жасөспірімдерде сколиоз, ал ересектерде остеохондроз ауруы болуы мүмкін; жасөспірімдерге ұзақ көп бойы ойын ойнау, өте қауіпті; иммунитет төмендейді.
Компьютердің пайдасы Компьютерлердің артықшылықтары: арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс процесін барынша оңтайландыру (бұл еңбек өнімділігінің артуына әкеледі); бұл құрылғы құңды файлдардың сенімді сақталуын қамтамасыз етеді; пайдаланушыға қажетті ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік беру; интернетте сақталатын үлкен ақпараттың арқасында, адамның білімін арттырады; алыс жердегі достарымен хат алмасу және бейне байланыс арқылы (кез келген уақытта) қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.