Angelina10001
11.05.2022 01:51

Аптық жұмыс 8
Есепті шығар.
Екі велосипедші бір уақытта А пунктінен бір бағытқа қарай
жолға шықты. Бірінші велосипедші - 18 км/сағ, ал екіншісі
21 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін олардың арака-
шықтығы қандай болады?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
maxbas1
11.05.2020 22:40
Қоңырау шалынып, соңғы сабақ аяқталды. Әр оқушы осы сәтті қуана күтеді.  Мектеп алды оқушыларға толы. Бірі жанталасып ішке кіріп жатса, кейбіреуі бар жылдамдықтарымен сыртқа безеді. Тек біз досым Саяжан екеуміз әдеттегідей асықпай қоштасып жатқан сәтте Саяжан менің үйіме барғысы келетінін айтты. Ең жақын досымның көңілін қалтырғым келмей:
- Саяжан, сәл күте тұр, мен әке-шешеме қоңырау шалып рұқсат сұрайын?-дедім. Ол сөзімді қуанышпен естіген Саяжан:
- Әрине!-деп жауап берді. Уміттене Саяжан ауызымның әр қимылына қарап анамның келісімін күтті.
- Алло, мам! Қалыңыз қалай?
- Рахмет қызым, жақсы! Өзің ще? Сабақтарың бітіп үйге қарай бет алдыңба?
- Иә, мам, сабақ бітті, тек мен сізден сұрайтын өтінішім бар еді?
- Иә, құлыным, айтағой.
- Мам, Саяжан менімен үйге барғысы келеді, мен оны көптен бері үйге шақырмаппын, біздің үйге барса болма ма?
- Әрине болады, бірақ ол өз ата-анасын ескертті ме екен?
- Білмеймін, оны сұрамаппын.
- Жақсы, ондай болса ең алдымен, ата-анасына хабарлассын. Олар рұқсат етсе, біздің үйге барып тоңазытқыштағы тамақты жылытып ішіндер. Одан кейін сәл демалып алып, сабақтарыңды оқыңдар! Жарайма?
- Жақсы анашым! Рахмет сізге! Біз міндетті түрде айтқаныңызды орындаймыз! - деп сөзімді аяқтай салып, Саяжанның ата-анасына қоңырау шалдық. Олардың да рұқсаттарын алған екеуміз қуанып үйге асықтық. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
ммм298
15.11.2022 10:54
Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Археологиялық деректемелер неолитзаманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе,жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.

Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.

Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқымен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз,ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота