35gf467jh74944v
14.08.2021 23:31

Айтылым 10 -тапсырма. Мәтінге сүйеніп, төмендегі пікірдің қайсысын қолдайтыныңды айт. Себебін түсіндір. 1. Табиғатты адам ешқашан бағындыра алмайды. 2. Табиғатты тануға ұмтылыс әртүрлі мамандықтардың тууына әкелді. 3. Табиғат адамға түгел бағынды. 4. Табиғатпен тіл табысу ғана адамды бақытты етеді. 5. Табиғат -- ана, сондықтан оны құрметтеу керек!

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lidakirillina
20.03.2022 13:27

Туған жер-а ң кіндік қаны тамған,жанына,журегіне жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы.Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады.Әркімге өз ауылы,туған жері мақтан.Дегенмен, менің кіндік қаным тамған өлкемді атағанда елең етіп,мойын бұрмайтын адам кемде-кем.Ол –асқар тауының шыңына жеткенше құстың қанаты талатын, айдынды көліне шомылуға ай да құмар , Алакөл  жері. Ақши атты жұмыртқадай ғана сүттей ұйып отырған,береке-бірлігі мықты осы бір ауыл –менің ткған өлкем.Адамдары да бір-біріне ағайын-туыс,құда-жекжат, қойы-қоралас,қазаны аралас болып кеткен. Көлдің жағасында тіз қатар тұрған қонақ үйлер мен демалыс орындары  ауылға өзінше көрік беріп тұр.  Мұнда демалу үшін демалу үшін тек қазақстандықтар ғана емес, тіпті шет ел азаматтары да ағылып келеді. Мен  үшін  туған жерімнің әр тасы, бір тамшы суы да қымбат.Оның самал желі,таза ауасы, жұпар исі аңқыған даласы кез келгеннің жанын жаулар алады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
donkikas
05.05.2021 18:05

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.

Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.

Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.

Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.

Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.

Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота