twistella
25.09.2022 20:44

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Ілік септік
Оқу мақсаты: Тыңдаған мәтін бойынша
Диалог құрау.
Ілік септігіндегі зат есімдер кімнің? ненің?
кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап
береді.
Ілік септігі атау септіктегі сөзге -ның, -нің, -
дың, -дің, тың, -тің жалғаулары жалғану
Ілік септіктің жалғауларын ажырату.
Окулыктан 22 бет
арқылы жасалады.
Бүгінгі күнді жазу
Қаңтардың
Бұл жалғауларды ілік септік жалғаулары
деп атайды.
Жиырма бесі
Сынып
жүмысы
Көркем жазу: Ж
45- жаттығу 23 бет Жоғарыдағы мәтіннен зат
есімдерді теріп жаз. Оларға ілік септігінің
қосымшасын жалғап, әртүрлі себебін анықта.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін,
суретке түсіріп жібер.
Сәттілік тілеймін!
Жұмыс
ыс» сөзін септеп жаз.
41-жаттыгу 22 бет Мәтінді тыңда. Диалог
кұрап көр.
42- жаттығу 23 бет Сөйлемдерді тыныс
белгісін койып,көшіріп
жаз.
45-жаттығу 23 бет Жоғарыдағы мәтіннен зат есімдерді теріп жаз. Оларға ілік септігінің қосымшасын жалғап, әртүрлі себебін анықта.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, суретке түсіріп жібер.
Сәттілік тілеймін! ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
крмоири
16.10.2022 07:11

Менің арманым

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
hmg28409
21.03.2023 08:18

ответ:Облыстық ішкі саясат басқармасының қолға алуымен соңғы жылдары барлық ауданда жастар форумының жүйелі жалғасын тапқаны белгілі. Әртүрлі тақырып төңірегінде өткізілген игі шараның берері аз емес.

Биылғы жылғы облыстық жастар фестивалі Райымбек ауданындағы қастерлі де қасиетті Қарқара жайлауындағы Ереуілтөбеде өткізілді. Бұл шын мәнінде тарих беттеріне алтын әріптермен жазылып қалған өңір, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бір ошағы болған жер. Аты айтып тұрғандай, дәл осы Ереуілтөбеде Ұзақ пен Жәмеңке бастаған қалың ел ақ патшаның әскердегі қара жұмысқа адам алу жөніндегі жарлығына қарсы шықты. «Бала өлгенше шал өлсін» деген бір ауыз сөз ұранға айналып, қалың ел патша әскеріне қарсы ұрысқа көтерілді. Бұл көтеріліс сәтсіз аяқталғанымен қазақтың тәуелсіз ел болсақ, бодандықтан құтылсақ деген арман, мақсаты, мүддесінің бір тұтануы болды.

Ел бас қосып ақылдасқан Қарқара жайлауындағы Ереуілтөбеге ескерткіш орнатылған. Ол Қарқара көтерілісінің 90 жылдығында қайта жаңғыртылды. Көтеріліс қаһармандарының құрметіне үлкен ас берілді. Райымбек ауданында Ұзақ пен Жәмеңкеге арналған ескерткіш орнатылды. Ұзақ селолық округі бар. Жәмеңкенің және Қазыбек Шормановтың атында бір-бір мектеп бар. Көптеген көтеріліс қаһарманының аты көшелерге берілген.

Объяснение:Я сама это писала на домашку

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота