Қосарлама қос сөз: в)ығы-жығы
1. Қос сөздердің жасалу жолдары.
Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді: жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран т.б.
Қос сөздер екі түрлі: 1) қайталама қос сөздер, 2) қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер- бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бет.б.
Қайталама қос сөздердің 4 түрлі жасалу жолы бар:
1.Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,жылға-жылға,су-су,қарқ-қарқ,тау-тау,ұсақ-ұсақ т.б.
2.Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б.
3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы: кісі-місі, қағаз-мағаз, жалт-жұлт, тас-мас нан-пан, кемпір-семпір т.б.
4.Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.
Қосарлама қос сөздер- сөздердің бір-бірімен мен қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.
Қосарлама қос сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.
1.Сыңарлары синонимдес болып келеді.Мысалы, ашу-ыза, өнер-білім, қазан-ошақ, төсек-орын, мінез-құлық т.б.
2.Сыңарлары антонимдес болып келеді.Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.
3.Бір сыңары мағынасыз болып келеді.Мысалы, бала-шаға, киім- кешек, кедей-кепшік,емін-еркін т.б.
4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.Мысалы,анда-санда, ығы-жығы,ту-талақай, ұйпа,тұйпа т.б.
5.Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді.Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени,үнді-еуропа т.б.
Тарихта «жаңа кезең» деп саналатын кезең болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі кезеңдеріміз сондай құбылыстардың жақындағандарын сездіреді. Осыдан туындайтын ұлттық мемлекет идеясы ұлттың дәстүрі мен салт-санасына, әдет-ғұрпына келіп тіреледі. Кейбір азаматтарымыз жаһандану дәуірі басталды, ұлттық мемлекеттер тарих сахнасынан кетеді деп сәуегейлік айтады. Ал екінші ойшылдар керісінше кейінгі өзгерістер ұлттық мемлекеттің салт-санасының, дәстүрінің өшуі емес, өрлеуінің айқын көрінісі екенін дәлелдеп отыр. Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан құбылыстарға байланысты біздің өз ұлттық болмысымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұған жауап табу үшін өзіміздің өткен жолымызға, ұстанып келген салт-дәстүрімізге көз жүгіртпей болмайды.
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.
Объяснение:
2 сұрақтың жауабың әркім өзі жазу керек. Жауабым ұнаса лайк басып, лучший ответ қылшы автор.