А:Сен спортпен шұғылданғанды жақсы көресің бе? В:Әрине,мен күнделікті спортпен айналысамын А:Ал сен қандай спортпен шұғылданасың? В:Мен күнделікті таңертең таза ауада жүгіремін.Ал өзің ше? А:Мен воллейбол ойнағанды жақсы көремін. В:Сенің сүйікті спортшың кім? А:Сабина Оспанова В:Ол кім?Ол жайлы естімеппін А:Ол Қазақстандық воллейболшы,воллейболистердің ішіндегі ең әдемісі В:Сонда сен оны сұлулығы үшін жақсы көресін бе? А:Жоқ,ол үшін емес. Ол воллейболды өте керемет ойнайды.Ал мен воллейболды жақсы көремін. В:А,мен кетуім керек жүгіретін уақытым келіп қалды.Қаласаң менімен жүр А:Жоқ,рахмет менің де кетуім керек.Сау бол! В:Көріскенше
Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады. Ат спортының түрлері:
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,ат жегу - тез арада атты дайындау,ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,аударыспақ - ат үстінде алысу,жорға жарыс - жорғалар сыны,құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,қыз қуу,көкпар - командалық ойын,жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
шатрантаж (шахматтың бір түрі),шатраш (дойбының бір түрі),тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
қазақ күресі,қатын күрес;
Жеңіл атлетика -
жаяу жарыс,жігіт жарыс,қатын жарыс;
Күш өнері -
балуан тас,түйе көтеру,өгіз жығу,асық ойындары және т.б.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку