Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.
Объяснение:
-Сәлем
-Сәлем
-Бүгін қайда барамыз
-Кешір, мен бүгін сенімен кыдыра алмаймын
-Неге?
-Өйткені бугін менің анамның тұған күні болады.
-Түсінікті. Сонымен оған не сыйлық бересін
-Айтпақшы мен сыйлық дүкенге баруға дайындалғанмын
-Сенімен баруға бола ма
-Әрине, бұл жерде кездесейік
-Жәрайды
...
...
-Сәлем
-Ал, дүкенге кірейік
-Сәлеметсіз бе
-Сәлеметсіз бе, сіз не затты іздедініз (сатушы)
-Бүгін анамнын туған күні, сонымен оған сыйлықты іздедім
-Тусіндім. Қараңыз. Бұл алтын сырғалар туралы не ойлайсыз
-Өте әдемі, бірақ анама алтын емес күміс ұнайды.
-Жәрааайды. А таптым. міне күміс сырғалар
-Сондай әдемі сырғалар. Аламын қанша тұрады
-30000 мын тенге
-Жақсы (алды)
-Рахмет. Сәу болыңыз
-Сәу болындар. Келгендеріне рахмет
(Шықты)
-Бірге барғанына рахмет сәу бол
-Сәу бол