Сәлематсыз ба!Біз сіздерге асқа тапсырыс берейік деп едік.Ас мәзірін көруге бола ма?
-Біздің кафеде ұлттық тағамдардың түрі көп,салаттар,сусындар.
-Мәссаған Елдос қарашы
-Ия Самат бұл жерде тамақтын түр түрі бар.
-Барлық тамақ бар шығар!
-Өтінем, мүмкін болса, бізге бір қуырдақ және бір палау әкеліңіз.
-Ғафу етіңіз, бірақ бізде палау пісірілмейді.
-Жарайды онда пісірілген балық әкеліңіз
-Тағамдар жарты сағатта дайын болады,оған дейін шәй іше тұрыңыз!
-Жақсы,әкеліңіз.Раxмет
-Елдос,бұл жерде барлығы бар дедін ғой,ал палау жоқ екен.
-Жарайды енді!
Қазақтың көрнекті жазушысы С.Елубай, негізінен, реалистік мәнерде жазады. Оның қазіргі қазақ прозасында өзіндік із қалдырған тақырыбы тың, ойы өзекті шығармаларының шоғыры – «Ақ боз үй» трилогиясы. Ол үлкен бір дәуірдің сипатын беретін «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» атты жеке кітаптардан тұрады. Трилогия қазақ қоғамының жиырмасыншы жылдардағы аумалы-төкпелі дәуір шындығын: жаппай ашаршылық, елге төнген нәубет, асыра сілтеу, қазақы дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қирату, одан бергі кезеңдерде жалғасын тапқан заман құқайын, тағдыр тауқыметін шынайы бейнелеп – барлығы біртұтас дүниені құрайды.
Салыстырмалы түрде үш кітаптың ішінде «Жалған дүние» романының экзистенциалистік сарыны, мистикалық, философиялық астары қалыңдау. Ал алғашқы екі кітапты шартты түрде, «қатаң» реализм шеңберінде жазылған деуге болады. Сондықтан мақалада трилогияның соңғы кітабы «Жалған дүние» романы қарастырылады.