Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып,той өтіп жатқан үйдің ең жақын,үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады.Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан,келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір,жеңілтек,т.б болмауы қатаң ескеріледі.Дәстүр бойынша,жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген.Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат,түйе, бірнеше уақ мал т.б)алдын-ала атап қоятын болған, "Келіннің бетін кім ашса-сол ыстық" деген мәтел де осыдан туған.Келін -- туыстық атау.Некедегі әйел өз күйеуінің жасы үлкен туыстарына,немере ағайын,аталастарына келін болып келеді.