nastyaivanko09
29.11.2020 07:35

18. Мәтінді оқы Өртістер клубқа барса, есік жабық түр екен. Ешкім
де концерт конінде естімеген.
Әртістерді бастап барған Құрманбек Жандарбеков
мұңайып:
Бүгінгі кешіміз бекерге кетті, - депті жолдастары
на. Сонда кең маңдайлы, келбетті сігіт түрыш:
Құрмаш, қой, сен уайымдама. Клубтың есігін
ашқыз, онші-бишілер озірлене берсін. Жүмысшыларды
мен қазір қолма-қол жинап берейін саған, дейді.
Қалай?
Оны өзім білем...
Солай деді әлгі жігіт Құрманбекті ертіп, клубтың
алдындағы төбеге шығады.
Күн ұясына кіре берген кешкі сот. Тымық ауа,
«Қарағым, айналайын, келдің қайдан? » Аспанды қақ
жарғандай екпінді үн саңқ етеді...
Бір кезде тасыған судай, өр тараптан халық клубқа
қарай ағылды-ай келіп,
Ал, концертіңді бастай бер, Құрмаш! - дейді онші.
Келген күрт клубқа сыймай, сеңдей соғылысады.
Бүл атақты әнші Әміре Қашаубаев екен.
Мұзафар Әлімбай
• Мотінге ат қой.
• Мотiн кейіпкерлері туралы не білетініңді айт,
• Мотіндегі зат есімдерді тап. Олардың салқы есім немесе
жалпы есім екенін анықта​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Александр8584
06.06.2023 07:42
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
gladiatorcor
14.02.2020 21:53
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай! Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота