Ана.“Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы. Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
1. Жіктеу есімдігі 2. Сілтеу есімдігі 3. Сұрау есімдігі 4. Өздік есімдік 5. Жалпылау есімдігі 6. Белгісіздік есімдігі 7. Болымсыздық есімдігі 1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку