naziraa021
18.03.2023 07:45

-тапсырма. Мәтінді оқы, жаңа сөздер көмегімен аудар (Прочитай текст) Мәтін:

Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады.

Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие.

Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек. (124 сөз)

                                          (озаглавь)

                                       ЖОСПАР:   План текста)                                                                                 

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ангелок2007
06.09.2021 01:19

Менің ойымша, біздің заманымызда шет тілдерін білу өте маңызды. Кейбіреулер тілдерді жұмысқа қажет болғандықтан, ал басқалары шетелге саяхаттаумен және жай хоббімен айналысатындықтан үйренеді. Мен тілдерді білгім келеді, қаламгерлерге хат жазғым келеді немесе әртүрлі елдердегі адамдармен араласқым келеді, жаңа адамдармен танысқым келеді және достар тапқым келеді. Шет тілдерін үйрену біздің ой-өрісті кеңейтеді, адамдар білімді болады. Менің ойымша, тілдер ғылым мен техниканың, саясаттың әр түрлі саласында жұмыс істейтіндер үшін ерекше маңызды. Шет тілі ана тілін жақсы үйренуге көмектеседі.

Объяснение:

можешь его сократить

0,0(0 оценок)
Ответ:
AXMED2001
17.12.2021 12:03

Алтын адам туралы диалог

- Аға, сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсің бе, Аспандияр! Қалың қалай, сабағың қалай?

- Бәрі жақсы, аға. Рахмет. Сіздің көмегіңіз керек болып тұр еді.

- Әрине, айта бер. Қандай көмек?

- Тарих сабағынан «Алтын адам» тақырыбына баяндама жасауым керек еді.

- Жақсы. Көмектесейін. Қандай сұрақтарың бер, сұрай бер?

- «Алтын адам» зираты қашан және қай жерден табылды?

- 1969-1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі табылды.

- Зиратты тапқан археолог кім?

- Зиратты археолог К.А. Ақышев тапқан.

- «Алтын адамды» қысқаша сипаттап берсеңіз?

- Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

- Деректерге сүйенсек, «Алтын адам» қай заманда өмір сүрген?

- Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.

- Көмегіңізге көп рахмет, аға!

- Оқасы жоқ, бауырым!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота