Объяснение:
Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауыда сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін,оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз»- деп педагог К.Д.Ушинский айтқандай тіліміз еліміздің тірегі мен жүрегі.
Ел үшін басын бәйгеге тіккен бабаларымыз болғанын жақсы білеміз. Олар ұрпақтарына тәуелсіздік сыйлау үшін, жақсы өмір сүруі үшін өзінің өмірін қиған. Бізге тәуелсіздікті алып беру үшін неше түрлі қиындықты бастан кешкен. Ата- бабаларымыз қандай болған десеңші. Олар жақсылық жолында күрескен. Біз ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз. Ата-бабаларымыз арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты болған. Біз ата- бабаларымызды ұмытпауымыз керек. Батырларымыз: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр. Керей мен Жәнібек. Ұлы отан сонысына қатысқан: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы. Айта берсек батырларымыз көп болған. Біз батырлардың ұрпағымыз. Қазіргі таңда ел болашағы біздің қолымызда.