buzaeva2013
20.10.2020 00:30

1. Сез таптары және онын түрлері (Части речи) 2. Болашак бугіннен басталады. Сейлем мушесіне талда және орыс тіліне аудар (Найдите члены предложение переведите на русский язык) 3. Зат есім. Мысал келтір (приведите пример) 4. Балдырған, бірлестік сездерді буынга бел 5. Сын есім. Мысал келтір (приведите пример) 6. Біз ертеннен бастап шеп шабуга барамыз. (сөйлем мүшесіне талда және орыс тіліне аудар) (Найдите члены предложение переведите на русский язык) 7. Сан есім. Мысал келтір (приведите пример) 8. Окушы сеөзін жікте Үлгі-образец Мен студентнін Сен... 9, Eriстік Мысал келтір (приведите пример) Кітап, киім сездерін тәуелде Үлгі- образец Менін суретім Сенін.. Көптік жалгаy Мысал келтір (приведите пример) 10. 12. Fалым сезін септе (просклоняйте) Септік жалғаулары Мысал келтір (приведите пример) 13. 14. Орындык, терезе сезіне кептік жалғау жалғаныз Туынды зат есімдер Мысал келтір (приведите пример) Болашак сезіне фонетикалык талдау жаса

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
OkumRin
05.02.2020 04:17

Абай жолы.

Қазақ ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы біршама іргелі еңбектердің авторы, Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, драмашы, публицист, аудармашы, әдебиет сыншысы, педагог, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылдың 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Ұлы тұлғаны қай қырынан зерттесек те, қай салада болмасын дарындылығы мен ерекше қабілетінің арқасында өшпес із қалдырған.

Әрине Мұхтар Әуезовтың есімін естігенде алдымен барлығымыздың ойымызға «Абай жолы» роман – эпопеясы келетіні сөзсіз. Себебі бұл роман - жазушының әдебиет жолындағы жарық жұлдызы, шоқтығы биік туындыларның бірі. Бұл туынды ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген. Бұл романды жазбас бұрын Мұхтар Омарханұлы он бес жыл бойы Абайдың өмірі мен шығармашылығын бар қырынан зерттеген екен. Жиналған материалдың көптігінен Мұхтар Әуезовге роман жазуға тура келіпті. Бұл романда жазушы барынша шынайы болуға тырысады. Жазушы Абайды ең біріншіден өз уақытының жемісі, өз заманының үні екенін жадында ұстады, соны оқырманға жеткізді. Аталмыш туынды тек қазақ халқының мақтанышы болып қана қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік әдебиеттің классикалық шығармалары қатарына енген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
DVazovskaya
22.01.2021 17:22

Қазақстанның көрікті жерлері.


Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота