выполнить упражнение Мәтіннің мақсатын, қолданылу аясын, стилі мен сипатын анықта.
Президенттік республикада Президенттің өкілеттігі кең болады. Мемлекет басшысы - атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы. Президент заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы. Қазақстан да президенттік республикаға жатады. Президенттік республикада Президентті халық сайлайды.
Қазақ жері ұлттық аумақтарға емес, әкімшілік-аумақтық бөліністерге облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға бөлінеді. Олар бір орталыққа бағындырылады. Мемлекетке заңды түрде сайланған Президент басшылық етеді.
Президенттік республикада;
- парламенттен тыс Президент сайланады, билік қалыптасады;
- билін парламенттің алдында емес, Президенттің алдында жауап береді,
- мемлекет басшысының билігі, парламенттік республикадағы билікке қарағанда, кеңірек болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының «Президент» деп аталатын ІІІ бөлімі мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық ашады, 2011 жылдың 3 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы заңға» сәйкес ҚР Президенті 5 жылга сайланады. Бір адам қатарынан екі реттен артық республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.