
Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды. Жаратылыстың өзегі жан толқытып, мән толғайтын махаббатты сезіне алмастан шырағы сөнген тұлдырдай семіп, сөніп, жоқ болады.Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспен-шілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
ЭКСПО-2017 қонақтарының көрме туралы пікірі
835 рет
көрсетілді
Egemen Qazaqstan
Жуэл ДЮПРАТ, Франция:
– Біз отбасымызбен биылғы демалысымыздың екі аптасын Қазақстанда өткізуге шешім қабылдадық. Жұбайым – Сильвия мен қызым Хелоиз үшеуіміздің келгенімізге бір аптадай уақыт болды. Өзіміз қазақ еліне алғаш рет сапарлап отырмыз. Шынымды айтсам, бұрын Қазақстан туралы естігенімізбен, елдеріңізді осынша дамыған деп ойламаппыз. Келгелі Астананың әдемі көрінісін көріп, таңғалысымызды жасыра алмадық. Арасында Алматыға да жол түсіп, оның әдемі тауларын көзімізбен көріп, тамсанып қайттық. Қазақстандағы ЭКСПО көрмесі біз үшін ерекше есте қаларлық естелік болды. Қай ел де көрмеге үлкен әзірлікпен келгені көрініп тұр. Әсіресе, Малайзия, Австралия, Германияның павильондары көңілімізден шықты. Отанымыз – Францияның павильонына да бас сұқтық. ЭКСПО көрмесіндегі ең үлкен үш павильонның бірі Франциянікі екенін естіп, қуанып қалдық. Мұның өзі екі елдің арасында жақсы қарым-қатынас орнатылғанын көрсетеді. Жұбайым екеуіміз де суретшіміз. Үйге оралысымен Астана туралы, оның әсем көріністерін бейнелейтін суреттер топтамасын шығармақ ойымыз бар. Айтпақшы, ЭКСПО алаңында ойналып тұратын қазақтың музыкасы жүрегімізді айрықша баурады. Керемет әуендер екен. Музыкаға елітіп, біраз демалып отырдық. Бұл да жүрегімізде қалатын әдемі естелік болды.
Нұрай СӘЛІБАЕВА, Шымкент:
– Біз апалы-сіңлілер болып ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз. Бұл дегеніңіз екі айналып келмейтін керемет жаһандық шара ғой. Сондықтан, жүрегінде Отанына деген махаббаты бар әрбір адам осы көрмеге келіп, көруі тиіс деп ойлаймын.
Бүгін екінші күн көрмені аралап отырмыз. Бастапқыда шеттегі Ресей, Монака, Германия павильондарын араладық. Бәрі де тамаша. Павильондардың ішіне кірсең, әлемді аралағандай боласың. Біреу телефон соқса, «Біз АҚШ-та жүрміз, енді Францияға барамыз» деп сөйлейсің, керемет емес пе?! Құдды ғаламшарды айналып жүргендей күй кешіп жүрміз. Қазақтың атын дүние жүзіне танытатын мұндай ірі халықаралық шаралар елімізде өте берсін деймін. Бұл өскелең ұрпақтың санасына Отанына деген мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Қазақтың басынан той арылмасын, еліміз тыныш, бесігіміз тек тыныштықта тербелсін деймін.