
Мен №мектепте 6- сыныпта оқимын.(там должен быть номер школы) Менің мектебім Төле би көшесінде орналасқан. Мектебімізде тоғыз жүздей оқушы бар. Мектеп директоры- Исатай ағай. Сынып жетекшіміз - Айгүл апай. Айгүл апай бізге қазақ тілінен сабақ береді. Апай сабақты қызықты,тартымды өткізеді. Үйім мектептен алыс емес. Мектепке жаяу барамын. Мектебім жаңадан салынған ұш қабатты . Мектеп іші кең, жарық және таза.
Кабинеттеріміз қазіргі талапқа сай жабдықталған. Бірінші қабатта екі спортзал бар. Кітапханада үлкен ..оқырмандар. залы бар. Асханамыз кең және таза. Екінші қабатта үлкен мәжіліс залы бар. Мектеп алдындағы гүлзарларда гүлдер өсіп тұр. Жас ағаштарды мектеп бітірушілер отырғызған. Ауладағы спорт алаңында түрлі спорт ойындары өткізіледі.
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады