Сабақтың тақырыбы: "Бақытсыз Жамал" (4,5 бөлім) «Конверттегі сұрақ».Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.
1) «Бақытсыз Жамал» неліктен қазақтың тұңғыш романы болып саналады?
2) Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?
3) Жамал өзін қай кездері бақытты сезінді? Неліктен?
4) Сәрсенбайдың болыс сайлауына түсу себебі неде?
5) Жамал Жұманға неліктен тұрмысқа шығады?
1-тапсырма
Әңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің әңгімедегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты қорытынды жасаңыз
Кейіпкер
Әңгімедегі портреті
Кейіпкердің ең маңызды үш әрекеті
Өз көзқарасым