Диалог - Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың? - Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан. - Неліктен? Бұл сан туралы не білесің? - Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты. Сен үшін қандай сандар қасиетті? - Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін. - Бұл санның қандай қаситеі бар? - Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар. - Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр. - Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.
Анықтауыш-деп cөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыштардың сұраулары:қашан? қайда?қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен?
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку