
Иа, бауыр екі түрлі, рухани бауыр және туған қанадыстық бауыр. Адамға туған бауыр әрине, жақын болғандықтан одан, оның қолынан келмейтін нәрсені дәметіп, биологиялық туыстықты міндет етеміз, сосын да туыстар тез, болмашыға ренжи қалады, ал Құранда «ихуан» сөзімен кездесетін рухани бауыр тіпті жақын болады, ортақ сөзің бар, мүдде, көреалмаушылық, дүние бөлісі жоқ, тек қана тілеулес болып жүретін бауырдың орны бір бөлек. Мен сөз еткен Нәбижан ағам да, Жәлел ағам да, Баққожа ағам да осындай рухани бауырға жататын ортақтығымыз бар, жанымыз жақын ағалар. Кімде кім бір ауыз жақсы сөз жазса, оны оқыған сайын ол пендеге сауап барып отыратыны шын, онда ол кісілер бақытты. Біз жанымызда бар жақсы адамдарды қадірлеуміз керек, ол кісілермен замандас болғанымызға біз бақыттымыз.
«Ана тілі» өлеңінде туған топырағының бар маңызын бойына сіңірген Расул Ғамзатов өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Елмен жерге, ана тіліне деген іңкәрлік жырланады. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі», қандай ұлт болсын, оның ең басты байлығы – ана тілі. Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін тілінің болуы аталып өтіледі. Адам бойына нәр беретін, күш беретін –ана тілі. «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» дей отырып, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, рухы биік, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуге шақырады.
Объяснение: